Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

Бездер Гормондар
Гипоталамус гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Гипофиз соматотропин (өсу гормоны)
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі) тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Ортаңғы немесе аралық бөлімі мелотропиндер (интермедии)
Артқы бөлімі (нейрогипофиз) вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Қалқанша безі тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас)
Қалқансерік безі папатгормон, кальцитонин
Ұйқы безі аралшықтары инсулин, глюкогон
Бүйрекүсті безінің қабығы кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон), андрогендер, эстрогендер
Бүйрекүсті безінің милы заты катехоламиндер (адреналин, норадреналин Ішкі сөлініс бездерінің гормондары)
Аталық ұрық бездері андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Аналық ұрық бездері эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)
Айырша бездер тимозин т. б.
Эпифиз мелатонин т. б.
Диффуздық энтериндік жүйелер паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Эндокриндік жасушалар ренин — ангиотензивтік жүйе
Бауыр және бүйрек соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента (бала жолдасы) жатыр эстрогендер, релаксин, прогестерон

Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі
Гормондардың әсер ету механизмі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан – жақты қарастырылған. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге әсер Ішкі сөлініс бездерінің гормондары ете алады:
— метаболиттік – зат алмасу процестерінінің барлық жағдайларына жиілігіне әсер етеді.
— Морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпаның өсуіне, өзгеріске, метафорфозға әсері).
— Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.
— Коррекциялық-корегиялық ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету қозғалыстары).
Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады: біріншісі жасуша сырттан әсер етсе, екінші жағдайда ішінен әсер етеді. Бірінші жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ Ішкі сөлініс бездерінің гормондары түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады. Екінші жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон – рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК – сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК – сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды. Стероидты гормондар мен тирозин тектес қалқанша без гормондары осылай қызмет жасайды.
Қазіргі кезде гормондардың әсер етунің бірнеше Ішкі сөлініс бездерінің гормондары жолдары бар:



1. Гормондардың ұлпалар мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса жасуша мембраналарымен байланысқа түседі.
Мұнда:
а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферменті. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адинозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді.
б) ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы: итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНК алмасуының және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай олардың қантамырлары мен Ішкі сөлініс бездерінің гормондары ұлпалардың әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.

3. Гормондардың әсер етуінің үшінші жолы орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бұл жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарлату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.

4. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекс әсерін байқауға болады.


documentavgmwrx.html
documentavgnecf.html
documentavgnlmn.html
documentavgnswv.html
documentavgoahd.html
Документ Ішкі сөлініс бездерінің гормондары